Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ресми сайтын ұсынып отырмыз. Сайтта Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері, оның қызметін реттейтін қолданыстағы заңнама, ғалымдар мен практик-заңгерлердің мақалалары, сондай-ақ өзге де ақпарат орналастырылған.

Біздің сайтымызға келушілер арасында тек заңгерлер мен құқықтанушылар, мемлекеттік қызметшілер ғана емес, Қазақстан Республикасында конституциялық бақылауды жүзеге асыру практикасына қызығушылық танытатын басқа адамдар да болады деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И. Рогов

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қазіргі құрамы

В.А.Малиновский, У.Шапак, А.Қ. Дауылбаев,   И.И.Рогов, А.М.Нұрмағамбетов, Н.В.Белоруков, Ү.М.Стамқұлов  (солдан оңға)

Жаңалықтар

Алматы, 2016 жылғы 12-14 шілде. Конституциялық Кеңес мүшесі Н.В. Белоруков «Адам құқықтары жөніндегі көрсеткіштерді дамыту үшін қолдау және халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды жүзеге асыру бағалауды жетілдіру» жобасын іске асыру аясында «Адам құқықтары үшін хартия» Қоғамдық қорының шақыруы бойынша халықаралық органдар мен ұйымдар қабылдаған ұсынымдардың Қазақстан Республикасымен орындалуы мәселелерін талқылау жөнінде Екінші Эксперт отырысына қатысты.

 

2016 жылғы 24 маусым. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И. Рогов Корея Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Е.П. Янг Сынг-тэ басқарған осы елдің делегациясын қабылдады. Делегацияға Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Ёнгчон еріп жүрді.

2016 жылғы 20 маусым. Астана. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі В.Ф.Яковлев бастаған Ресей Федерациясы заңгерлеріңнің делегациясын қабылдады. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Н. Бочарников делегациямен ілесе жүрді.

 

Ү.ж. 17 маусым. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов Республика Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдауын (бұдан әрі – Жолдау) оқыды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 280  Жарлығымен Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. 

КК шешімдері

Сөйленген сөздер